Римде түрік кофесі таныстырылды
Юнус Эмре институты 5 желтоқсан – Түрік кофесі күніне орай шара өткізді.
2073176
Түрік кофесі Италияның бас қаласы Римде таныстырылды.
Юнус Эмре институты 5 желтоқсан – Түрік кофесі күніне орай шара өткізді.
2013 жылы ЮНЕСКО тарапынан түрік кофесі Адам баласының материалдық емес мәдени мұра тізіміне алынған еді. Сондықтан жыл сайын 5 желтоқсан күні Түрік кофесінің халықаралық күні ретінде атап өтіледі.
Юнус Эмре институты осы датаға орай «Кофе ішуге күтеміз» деген ұранмен шара өткізді. Қонақтарға түрік кофесімен бірге түрік тәттісі – локум ұсынылды. Айрықша түрік кофесін дайындау туралы мәлімет берілді.
Келген қонақтар сонымен бірге түрік кофесі тақырыбында қалыптастырылған көрмені де аралады.