«Айбүке: Мен мұғалім болдым!» фильмінің премьерасы өтті

Президент Режеп Тайып Ердоған жұбайы Эмине Ердоғанмен бірге «Айбүке: Мен мұғалім болдым!» фильмінің премьерасына қатысты.

2068362
«Айбүке: Мен мұғалім болдым!» фильмінің премьерасы өтті

Президент Режеп Тайып Ердоған жұбайы Эмине Ердоғанмен бірге Батманның Козлук ауданында 2017 жылы террористтердің шабуылында 22 жасында шейіт болған ұстаз Шенай Айбүке Ялчынның өмірі мен ұстаздық қайсарлығын баяндаған «Айбүке: Мен мұғалім болдым!» фильмінің премьерасына қатысты.

Түркия Радио Теледидар Мекемесінің (TRT) бірлескен түсірілімімен үлкен экранға шығарылған және 24 қараша Ұстаздар күнінде (бүгін) киносүйер қауыммен жүздесетін «Айбүке: Мен мұғалім болдым!» фильмнің премьерасы ел астанасы Анкарадағы Бештепе Миллет  Конгресс және мәдениет орталығында өтті.

Президент Ердоған фильмді жұбайы Эмине Ердоған, шейіт ұстаз Айбүке Ялчынның анасы Зехра, әкесі Садык, ағасы Айбарс Ялчын және фильмнің актерлерімен бірге тамашалады.

Фильм соңында жұбайы Эмине Ердоғанмен сахнаға шыққан президент Ердоғанға шейіт ұстаздың отбасынан Айбүке Ялчын қолданған баглама (түрік сазы) сыйға тартылды.

TRT Бас директоры Мехмет Захид Собаджы Эмине Ердоғанға Айбүке Ялчынның иконалық фотосуретінде қолданылған символдық қызыл жазу мен миниатюралық багламаны табыс етті.


Этикеттер: #экран , #ұстаз , #фильм , #TRT

Ұқсас жаңалықтар