«TRT World Citizen Humanitarian» фильм фестивалінде марапаттар тапсырылды

Марапаттарын Фахреттин Алтун мен Мехмет Захид Собажы тапсырды.

2060863
«TRT World Citizen Humanitarian» фильм фестивалінде марапаттар тапсырылды
undefined
altun trt humanitarian film fest..jpg
trt world citizen humanitarian film festivali.jpg

Түркия Телерадио (TRT) корпорациясы 5-ші рет ұйымдастырған «TRT World Citizen Humanitarian» фильм фестивалінде марапаттар тапсырылды.

Фестивальде жүлделі орын алғандарға марапаттарын Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун мен TRT бас директоры Мехмет Захид Собажы тапсырды.

Бірінші орынды Мажарстаннан Акос Ковакс алды.  Ираннан Алиреза Каземипур екінші, Косоводан Самир Карахода үшінші орынды иеленді. Айырықша «климат» тақырыбында жүлде мен TRT Арнайы жүлдесі де тапсырылды.

TRT Арнайы жүлдесі әлемнің көз алдында қанға боялған Газа үшін берілді.  Жүлдені газалық режиссер Ахмет Салих алуға лайықты деп табылды.  Бірақ режиссер марапат кешіне қатыса алмады.

Салтанатты кеште сөз сөйлеген Коммуникация басқармасы басшысы Алтун фестивальдің «TRT-нің «Өзегі де, сөзі де Адам» деген түсінігіне байланысты хабар тарату саясатының ең маңызды көрсеткіші екенін айтты.  Алтун «Бүкіл әлемде экономикалық дағдарыстар, эпидемия, тапшылық, климат өзгерісі және қақтығыстар себебімен өте маңызды кезең болып жатқанда, қайғы мен амалсыздықпен арпалысқан миллиондаған адамға өнер арқылы назар аударған осы фестиваль өте мәнді» деді.

Түркияның жаһандық мәселелерде гуманитарлық тақырыпқа көңіл бөлгенін, TRT-нің осы бағыттағы үлесінің маңызды екенін білдірген Алтун TRT басшыларына алғыс айтты. «TRT World Citizen Humanitarian» фильм фестиваліне де Түркияның осы тақырыптағы көзқарасының көрсеткіштерінің бірі ретінде қарау керек» деді ол.

Израильдің Газа секторындағы шабуылдарына тоқталған Коммуникация басқармасы төрағасы Израильдің ешбір заңды танымайтын, адамдыққа жатпайтын  іс-әрекеттерінің үлкен зұлымдық пен жүйелі қырғынды өзімен бірге ала келгенін білдірді. «Жылдардан бері «Палестина мәселесі» туралы айтылып келді. Жоқ. Негізінде мәселе – Израиль мәселесі.  Тек Таяу Шығыс қана емес,  тек аймағымыз емес, бүкіл әлем осы мәселемен бетпе-бет келуі керек» деді ол.

TRT бас директоры Собажы да «Жан айқайы естілмеген адамдардың хикаясын хабарлауымыз керек» деп, фестивальді әлемнің ұжданының даусы бола білген Түркияда ұйымдастырғандарына және гуманитарлық тақырыптарға назар аударған тұлғаларды қонақ қылғандарына риза екенін білдірді. Собажы TRT-нің әлеуметтік жауапкершілік жобаларын атқарған «TRT World Citizen-нің» бір бастамасы ретінде фестивальге биіл Түркия, Испания, Америка, Франция, Үндістан, Нигерия, Қырғызстан, Пәкістан, Мажарстан және Палестина секілді көптеген елден 370-тен астам фильм өтініш бергенін баяндады.  Ол «Израиль 7 қазан күнінен бері Газа халқына қырғын жасап келеді.  Сәби, бала, әйел, науқас демей ауруханаларды, қасиетті мекендерді,  мектеп пен босқын лагерьлерін жермен-жексен қылуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар