Алжирде барлық спорттық шаралар тоқтатылды

Алжирдегі барлық спорттық шаралар Израиль шабуылдарына байланысты тоқтатылды.

2052985
Алжирде барлық спорттық шаралар тоқтатылды

Алжир футбол федерациясы Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары себепті Палестина халқымен ынтымақтасу мақсатты барлық іс-шараларын келесі ескертуге дейін тоқтатқанын хабарлады.

Федерация жасаған жазбаша мәлімдемеде «Алжир футбол федерациясы бауырлас Палестина халқымен ынтымақтасу мақсатты барлық іс-шараларын келесі ескертуге дейін тоқтатуға шешім қабылдады» делінді.

Алжирдегі жергілікті лига жарыстарының жұма күні қайта басталуы жоспарланған болатын.

Федерация аталмыш шешімді Израильдің Газа секторындағы әл-Ахли баптистер ауруханасына жасаған және жүздеген адам қаза тауып, жараланған шабуылына жауап ретінде қабылдады.

Израильдің сейсенбі күні кешке Газа секторындағы әл-Ахли баптистер ауруханасына жасаған шабуылында 471 адам қаза тауып, 28-і ауыр 342 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар