Шыңғыс Айтматов Анкарада еске алынды

Түріксой Бас хатшысы Шыңғыс Айтматовтың түрік әлемінің ортақ құндылығы екенін атап көрсетті.

2048935
Шыңғыс Айтматов Анкарада еске алынды

Түрік әлемінің әлемге танымал қырғызстандық жазушысы Шыңғыс Айтматов Анкарада өткен жиында еске алынды.

Биылғы шара «ХХ ғасырға із қалдырған Төреқұл Айтматов және Шыңғыс Айтматов» деген тақырыппен ұйымдастырылды.

Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Германия және Түркияның әртүрлі университеттерінің сарапшы оқытушы-профессорлары қатысты.

Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев Шыңғыс Айтматовтың түрік әлемінің ортақ құндылығы екенін атап, Айтматовтың әмбебап тақырыптардағы шығармаларының бүкіл әлемде назар аударғанын баса айтты.

Еске алу бағдарламасына жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы, жазушы Роза Айтматова да қатысты.

Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев Роза Айтматоваға «Түріксой» медалін табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар