Германияда «Сырттай оқу Имам Хатип орта мектебі» ашылды

Германия Дін істері Түрік-Ислам одағы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2048135
Германияда «Сырттай оқу Имам Хатип орта мектебі» ашылды

Гамбургтегі Бергедорф Дін істері Түрік-Ислам одағы "Кожатепе" мешітінде өткен іс-шарамен "Сырттай оқу Имам Хатип орта мектебін" таныстырды.

Германия Дін істері Түрік-Ислам одағы жаңа оқу жобасы аясында алғаш рет «Сырттай оқу Имам Хатип орта мектебін» ашты.

Дін істері Түрік-Ислам одағының Гамбург-Шлезвиг Голштейн Діни Консультативтік Кеңесінің төрағасы Осман Дикеч бұл бағдарламаны Германияның солтүстігінде тұратын жастардың сұранысы бойынша бастағандарын айтты.

Дикеч бағдарлама туралы «Бағдарламада ер және қыз оқушылар араб тілі, хадис, Құран, тафсир және риторика курстарымен бірге салалық тақырыптар бойынша да оқиды. Сабақтар тек демалыс күндері Одаққа қарасты Бергедорф «Кожатепе» мешіті мен Пиннеберг «Жаңа» мешітіне қарасты мамандар тарапынан өтіледі. Сырттан оқуға негізінен 15-25 жас аралығындағы жастар қабылданады.

9, 10, 11 және 12-сыныптарды қамтитын 4 жылдық білім беру процесі шетелдегі оқушыларға арналған ауқымды бағдарламамен 3 жылда аяқталады. Оқуды сәтті аяқтаған оқушыларға Түркиядағы орта мектепті бітіргені туралы аттестатпен тең жарамды диплом беріледі» деді.

Түркияның Гамбургтегі бас консулы Эмине Дерья Кара бағдарламаны алғаш рет өткізгендерін мақтан тұтатындарын және жобаның түрік пен неміс қауымдастығына үлес қосатындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар