Түрік волейболшы қыздары елге оралды

Ұлттық әйелдер волейбол құрамасы салтанатты түрде қарсы алынды.

2042111
Түрік волейболшы қыздары елге оралды

Жапонияда өткен 2024 жылы Париж Олимпиадасы іріктеу турнирінің «В» тобында ойнаған және 7 матчтың барлығында жеңіске жетіп, Париж Олимпиадасына квотасын алған  волейболдан ұлттық әйелдер құрамасы елге оралды.

Ұлттық құраманы әуежайда Стамбул облысының әкімі  Давут Гүл, Арнавуткөй қалалық әкімшілігінің  жас волейболшылары, көптеген баспасөз өкілдері мен жанкүйерлер қарсы алды.

Ұлттық әйелдер волейбол құрамасының капитаны Эда Эрдем әуежайда жасаған мәлімдемесінде: «Біз мақсатымызға жеттік. Үлкен қуанышқа бөленудеміз, біз өте бақыттымыз. Мен барлық достарыма, техникалық командаға және федерацияға алғыс айтқым келеді. Бұдан былай біз тіпті  жоғары белестерге жетеміз. Жазды жақсы өткіздік. Келесі жазды асыға күтеміз» деді.

Еске сала кетейік, Ұлттық әйелдер волейбол құрамасы Олимпиада іріктеу турнирінің «В» тобындағы Жапонияны жеңіп, Париж Олимпиадасына квотасын алған еді. Соңғы кездесуінде Бельгияны 3-0 есебімен жеңіп,  тобын көшбасшы ретінде аяқтаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар