Гордион ежелгі қаласы - әлемдік мұра

Гордион ежелгі қаласы ЮНЕСКО тарапынан «Әлемдік мұра» деп жарияланды.

2038833
Гордион ежелгі қаласы - әлемдік мұра

Ежелгі дәуірдің ең маңызды археологиялық алаңдарының бірі Анкараның Полатлы ауданындағы Гордион ежелгі қаласы ЮНЕСКО тарапынан «Әлемдік мұра» деп жарияланды.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой әлеуметтік желіде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне 20-шы жәдігерімізді тіркедік.  Анкарамыздың теңдесі жоқ мәдени жәдігерлерінің бірі – Гордион ежелгі қаласы «әлемдік мұра» атанды» деп жазды.

«Алайда мұнымен бітпеді.  ЮНЕСКО-дан жаңа сүйінші күтіп отырмыз. Анадолының ағаштан салынған мешіттерінің де тізімге алынуы туралы хабар келсе, Әлемдік мұра тізіміндегі жәдігер санын арттырамыз» деді ол.

Сауд Арабиясының бас қаласында қткен ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра комитетінің 45-ші жиналысында Гордион әлемдік мұра ретінде қабылданды.  Енді ол әлемдік деңгейге қорғалады.

Гордионда біздің эрамыздан бұрынғы 2500 жылдары адамдар қоныс тепкен. Ол - жер шарындағы «ең көп уақыт бойы елді мекен болған сирек жерлердің» бірі.



Ұқсас жаңалықтар