Волейболшылар белестен белеске көтерілуде

Ұлттық әйелдер волейбол командасы Олимпиада жолында

2037730
Волейболшылар белестен белеске көтерілуде

Волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы 2024 жылғы Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде «В» тобында үздік 2 орынды иеленсе, Францияда өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады.  

Ертең волейболдан ұлттық әйелдер құрамасы бақ сынайтын 2024 жылғы Париж Олимпиадасының іріктеу жарысы басталады

24 қыркүйекке дейін жалғасатын іріктеу ойындары Жапония, Қытай және Польшада өтеді.

Ұлттық құрама Олимпиадаға барар жолда Жапонияның астанасы Токиода өтетін «В» тобындағы матчтардан кейін құрылатын кестеде алғашқы 2 команданың қатарынан көрінуге тырысады.

«В» тобында Түркия әлем рейтингінде 7-ші орындағы үй иесі Жапония және әлемде 5-ші орындағы Бразилиямен қатар Бельгия, Болгария, Пуэрто-Рико, Аргентина және Перумен үзенгі қағыстырады.

Ұлттық құрама  Олимпиадаға барар жолдағы алғашқы кездесуін ертең Пуэрто-Рикоға қарсы өткізеді.

Матч Түркитя уақыты бойынша  сағат 07.00-де басталады.



Ұқсас жаңалықтар