Түркия-Армения матчына итальяндық төреші

Түркия-Армения футбол матчы Эскишехир Жаңа стадионында өтеді.

2034083
Түркия-Армения матчына итальяндық төреші

Ұлттық футбол командасы 8 қыркүйек, жұма күні сағат 21:45-те УЕФА 2024 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің бесінші матчында Армениямен үзенгі қағыстырады.

Эскишехир Жаңа стадионында өтетін бұл матчты Италия футбол федерациясынан Даниэле Орсато басқарады.

Орсатоның көмекшілері Чиро Карбон мен Алессандро Джиллатини болады.

Матчтың төртінші төрешісі Антонио Рапуано болады.

 



Ұқсас жаңалықтар