Түркия жастар ұлттық шахмат командасы екінші болды

16 жасқа дейінгі шахмат олимпиадасында Түркия ұлттық құрамасы 15 ұпаймен күміс медаль жеңіп алды.

2026598
Түркия жастар ұлттық шахмат командасы екінші болды

Халықаралық шахмат федерациясы тарапынан Голландияда ұйымдастырылған 16 жасқа дейінгі шахмат олимпиадасында Түркия жастар ұлттық шахмат командасы екінші болды.

Халықаралық шахмат федерациясы тарапынан ұйымдастырылған Голлландияның Эйндховен қаласында өткен 16 жасқа дейінгі шахмат олимпиадасында Түркия ұлттық құрамасы 15 ұпаймен күміс медаль жеңіп алды.

Шахмат олимпиадасына 47 елден 63 команда мен 252 спортшы қатысты.

Армения, Өзбекстан, Украина, Франция, Голландия және Қазақстан құрамаларын жеңген ұлттық құрама Қытайға есе жіберіп, екінші болды.

Бірінші орынды 17 ұпаймен Қытай, үшінші орынды 13 ұпаймен Грекия иеленді.



Ұқсас жаңалықтар