«Tiktok-қа» тағы бір тыйым

Аталмыш платформаға тыйым салған қалалар қатарына Нью-Йорк та қосылды.

2026449
«Tiktok-қа» тағы бір тыйым

Америка Құрама Штаттарында Қытайдың әлеуметтік медиа платформасы «Tiktok-қа» деген тыйым кеңейіп келеді.

Аталмыш платформаға тыйым салған қалалар қатарына Нью-Йорк та қосылды.

Шешім аясында муниципалитеттің мекеме мен ұйымдары 30 күннің ішінде компьютерлеріндегі «Tiktok» қосымшасын өшіреді және қолжетімділікті тыяды.

Нью-Йорк штатында мемлеккеттік телефондарда болса осы платформаның қосымшасына бұдан бұрын тыйым салынған еді.

Америка Құрама Штаттары елде  150 миллионнан астам қолданушысы бар «Tiktok-ты» Қытай үкіметіне мәлімет береді деп айыптайды.



Ұқсас жаңалықтар