Яндекстің негізін қалаушы Волож Украинадағы соғысқа қарсы екенін мәлімдеді

Волож «Мен бұл соғысқа қарсымын, өз ұстанымымды нақтылағым келеді» деді.

2023208
Яндекстің негізін қалаушы Волож Украинадағы соғысқа қарсы екенін мәлімдеді

Ресейлік Яндекс интернет-компаниясының негізін қалаушы Аркадий Волож Украинадағы соғысқа қарсы екенін мәлімдеді.

Волож ресейлік баспасөз ұйымдарына жолдаған мәлімдемесінде «белгілі  себептермен» осы уақытқа дейін үнсіз қалғанын атап өтті.

Мәлімдемесінің уақытын сынауға болатынын, бірақ оның мазмұны маңызды екенін атап көрсеткен Волож «Мен бұл соғысқа қарсымын, өз ұстанымымды нақтылағым келеді» деді.

Туыстары мен достарының Украинада тұратынын айтқан Волож «2014 жылдан бері Ресейде тұрмасам да, елдегі әрекеттерде менің де үлесім бар екенін түсінемін» деді.

Еуропалық Одақ (ЕО) санкциясына ұшыраған Аркадий Волож желтоқсан айында Яндекстен кеткенін мәлімдеген еді.



Ұқсас жаңалықтар