«TRT 12 Punto» сыйлықтары табыс етілді

ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собаджы TRT бірлескен өнімдерінің рекорд жаңартқанын мәлімдеді.

2015326
«TRT 12 Punto» сыйлықтары табыс етілді

Кино саласына жаңа қарқын беру мақсатымен TRT тарапынан биыл бесінші рет ұйымдастырылған «TRT 12 Punto» марапаттау рәсімімен аяқталды.

Салтанатты кеште сөйлеген ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собаджы «Түркияның қоғамдық хабар таратушы мекемесі ретінде киноға үлкен мән беретінімізді тағы бір рет атап көрсететін болсақ, Түркиядағы саланы мықты түрде қолдап, кинотеатрларды бірлескен туындыларымызбен толтырып, көрермен рейтингтері тұрғысынан рекорд жаңартқанымызға қуаныштымыз» деді.

Биыл 16-23 шілде күндері арасында 22 елдің қатысуымен үш бөлек платформада өткізілген сценарий әзірлеу және бірлескен өндіріс платформасы «TRT 12 Punto» марапаттау рәсімімен аяқталды.

«TRT 2» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілген марапаттау рәсіміне ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собаджы мен түрік және әлем киносының танымал тұлғалары қатысты.

Жастардың «12 Punto»-да Түркия мен әлемдік киноның танымал тұлғаларымен таныса алатынын, «12 Punto»-ның киноға қатысты барлық тұстарды инклюзивті түрде қабылдай отырып, процестің барлық мүдделі тараптарын қамтитын, ортақ байлығынан нәр алатын және ең бастысы өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін бір платформаға айналғанына назар аударған TRT Бас директоры Мехмет Захид Собаджы «12 Punto-да ұлттық және халықаралық деңгейде мәдени саладағы инновацияларға мүмкіндік береміз. Жастар мен тың идеялар үшін Түркия мен әлемдік киноның жетекші тұлғаларының нұсқаулығын қолжетімді етеміз. Салаға жаңа тұлғалар мен керемет туындыларды әкелу, яғни киноның болашағын байытуға қоса, ұқсас үлгілерден гөрі әртүрлілік басым болатын ортаға өз үлесімізді қосамыз» деді.

Осы жылы «12 Punto»-ға жаңа бір тұғыр қосылғанын түсіндірген Собаджы «Осы жаңа үдерістің арқасында түсірілімі аяқталған және монтаждау сатысында жатқан төрт TRT бірлескен фильмі Канн, Венеция, Санданс, Локарно және Роттердам фестивальдерінің байқау бөлімі таңдаушыларына ұсынылды. Фильмдердің жиырма минуттық монтаждары қаралды. Алдағы жылдары бұл фильмдерді ірі фестивальдерде көруге мүмкіндік табатынымызға сенемін. Биылғы жылы «12 Punto»-ға 100-ден астам толықметражды және 400-ге жуық қысқаметражды фильмдерге өтінімдер жіберілді. Барлық қатысушыларға күш-жігерлері үшін алғыс айтамыз, кинодағы шытырман оқиғаларыңызға сәттілік тілеймін» деді.

TRT бірлескен туындылары соңғы үш жылда 236 жүлде алды.

Түркияның қоғамдық хабар таратушы ретінде киноға берген маңыздылығын атап өткісі келетінін айтқан Собаджы «Түркиядағы саланы мықты түрде қолдап, кинотеатрларды бірлескен туындыларымызбен толтырып, көрермен рейтингтері тұрғысынан рекорд жаңартқанымызға қуаныштымыз. Республикалық және халықаралық фестивальдерге қатысуымыз бен жетістіктеріміз күн санап артып келеді. TRT бірлескен туындылары соңғы үш жылда фестивальдерде 436 номинация және 236 жүлде алды. TRT бірлесіп түсірген көркем фильмдердің фестиваль мен кинотеатр көрсетілімінен кейін Түркияның халықаралық цифрлық платформасы «tabii»-де көрсетіліп, үлкен аудиторияға жеткенін атап өткім келеді. Айталық «tabii» 2-ші айын артта қалдырып, 2 миллион адамнан тұратын үлкен бір отбасына айналды. Біз күш-жігерімізді кинематографияның әр саласы мен сатысында арттыра береміз» деді.

Биыл Балқан географиясынан өте маңызды қонақтар қабылдағандарын айтқан Собаджы «Сербия, Хорватия, Черногория және Словения кино орталықтарының басшылары біздің финалдық жобаларымызбен танысу және өз елдеріндегі қаржыландыру мүмкіндіктерін түсіндіру үшін осында болды. Оларға көп рахмет; Алдағы жылдары Түрік-Балқан бірлескен өндіріс жобаларын көретінімізге сенемін» деді.

Керемет сыйлықтар өз иелерін тапты

Финалдық рәсімде әлемдік кинематографияның бес маңызды тұлғасынан тұратын қазылар алқасы мүшелерінің TRT өндірген «Комшулук халлери» (Көршілік жағдайы) фильмінің режиссері Данис Танович, Оскар сыйлығының иегері поляк продюсері Эва Пушчинска, Сараево кинофестивалінің негізін қалаушы Мирсад Пуриватра, Доха кино саласының директоры Фатма Аль-Ремаихи және Берлин кинофестивалінің Еуропалық кино нарығының директоры Деннис Рухтың бағалауында екі жобаға «Халықаралық бірлескен өндіріс сыйлығы», үш жобаға «TRT бірлескен өндіріс сыйлығы», үш жобаға «TRT Алдын ала сатып алу сыйлығы» және алты жобаға «Жобаны жетілдіру жүлделері» берілгені жарияланды.

«Халықаралық бірлескен өндіріс сыйлығы», «TRT Алдын ала сатып алу сыйлығы», «TRT бірлескен өндіріс сыйлығы» TRT Бас директоры Мехмет Захид Собаджы, TRT Бас директорының орынбасары Мұхаммед Зияд Варол және Қазылар алқасы мүшелері Эва Пушчинска, Деннис Рух, Данис Танович, Фатма Аль-Ремаихи және Мирсад Пуриватра тарапынан жеңімпаз жобаларға табысталды.

Сонымен қатар биылғы жылы TRT және Сараево кинофестивалі ынтымақтастығымен финалға шыққан екі жобаға Сараево кинофестивалінің «Cinelink сыйлығы» берілді.

Сараево кинофестивалінің «Cinelink» директоры Амра Баксич Камо тарапынан анықталған жобалар Сараево кинофестивалінің «Cinelink Producer Lab» және Сараево кинофестивалінің «Cinelink бірлескен өндірісі нарығы сыйлығын» жеңіп алды.



Ұқсас жаңалықтар