Түрік спортшылардың жүзуден жүлделері

Еуропа чемпионатын түрік  спортшылар 7 медальмен аяқтады.

2009328
Түрік спортшылардың жүзуден жүлделері

Сербияда өткен Жүзуден жастар арасындағы Еуропа чемпионатын түрік  спортшылар 7 медальмен аяқтады.

Елорда Белградта өткен жастар арасындағы Еуропа чемпионатында түрік спортшылар барлығы 7 медаль, (3 алтын, 1 күміс және 3 қола) жеңіп алып, жалпы командалық 4-орын алды.

Басқа жағынан Словенияның Радовлица қаласында өткен 47-ші Халықаралық жүзу чемпионатында түрік  спортшыла барлығы 31 медаль алды. Оның 9-ы алтын, 13-і күміс және 9-ы қола медаль.



Ұқсас жаңалықтар