Қазақстанда "І Халықаралық әскери музыкалық фестивалі" өтті

Түрік әскери оркестрі «Мехтеран» Астанада 7 елдің әскери оркестрлерімен концерт қойды.

2008845
Қазақстанда "І Халықаралық әскери музыкалық фестивалі" өтті
kazakistan askeri bandolar konser.jpg
msb mehteran birligi.jpg

ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) Түрік әскери оркестрі «Мехтеран» Қазақстанда 7 елдің әскери оркестрлерімен концерт қойды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі тарапынан бас қаланың 25 жылдығына арналған «Астана – мәдениет керуені» әскери оркестрлерінің І Халықаралық әскери музыкалық фестивалі жабылу концертімен аяқталды.

«Барыс Арена» мұз сарайында өткен фестивальдің жабылу концертіне Қазақстан Премерь-министрі Әлихан Смайылов және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысты.

Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Жапония және Үндістанның әскери музыкалық оркестрлері сахнаға шыққан концертті жеті мыңнан астам көрермен тамашалады.

Концертте өз елдеріне тән әскери форма киген оркестрлер репертуарларындағы әскери әнұрандармен қатар эстрада және джаз шығармаларды да орындап берді.

Фестивальге Түркия атынан Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Әскери оркестрі «Мехтеран» қатысты.

Түрік әскери «Мехтеран» оркестрінің әсерлі өнері қазақстандық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.



Ұқсас жаңалықтар