Агилера Түркияға келеді

Танымал әнші Түркиядағы алғашқы концертін беру үшін Анталияға келеді.

2007469
Агилера Түркияға келеді

Грэмми сыйлығының 7 мәрте жеңімпазы,  америкалық өнерпаз Кристина Агилера Түркияда концерт береді.

Танымал әнші «Regnum Live in Concert» аясында Түркиядағы алғашқы концертін беру үшін Анталияға келеді.

Агилера 8 тамызда 2500 адам сыятын «Pearl Event Area»-да сахнаға шығады.

Төрт октавалық дауыс диапазонымен және жоғары ноталарды орындай білуімен танымал американдық өнерпаз өзінің танымал әндерін шырқайды.



Ұқсас жаңалықтар