Хазал Бурун садақ атуда қола жүлде алды

Бұл жетістік Түркияның Еуропа ойындарындағы садақ атудан тұңғыш медалі болды.

2005094
Хазал Бурун садақ атуда қола жүлде алды

Польшада өтіп жатқан 3-ші Еуропа ойындарының әйелдер арасындағы садақ ату бөлімінде Хазал Бурун доғалы садақ атуда қола жүлдені жеңіп алды.

Краков қаласындағы Пласзовянка садақ ату саябағында өткен жарыста Хазал ширек финалда финляндиялық Сату Нисуланы 144-136 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Хазал жартылай финалда британдық Элла Гибсоннан 148-144 есебімен ұтылып, қола үшін даниялық Таня Геллентиеньелмен бәсекелесті.

Қарсыласын 146-139 есебімен жеңген 18 жастағы отандық спортшы қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл жетістік Түркияның Еуропа ойындарындағы садақ атудан тұңғыш медалі болды.



Ұқсас жаңалықтар