Ресейде Ердоған туралы деректі фильм түсірілді

Ресейлік журналист Михаил Гусман Президент Режеп Тайып Ердоған туралы деректі фильм түсірді.

2001792
Ресейде Ердоған туралы деректі фильм түсірілді
Mihail Gusman-Erdogan belgesel1.jpg
Mihail Gusman-Erdogan belgesel.jpg

Ресейлік журналист және «ТАСС» ақпарат агенттігі бас директорының орынбасары Михаил Гусман Президент Режеп Тайып Ердоған туралы деректі фильм түсірді.

«ТАСС» пен «Россия-24» телеарнасының қолдауымен  түсірілген Гусманның деректі фильмі Түркияның Мәскеудегі елшілігінде көрсетілді.

Деректі фильмнің көрсетіліміне Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко, Түркияның Ресейдегі өкілетті және төтенше  елшісі Мехмет Самсар, «ТАСС» бас директоры Сергей Михайлов, шет елдердің дипломатиялық өкілдері мен журналистер қатысты.

Ердоғанмен 4 рет сұхбат жүргізген ресейлік журналист Гусманның «Формула Власти» бағдарламасы аясында дайындаған деректі фильмінде Ердоғанның балалық шағынан бергі өмірі, саясаттағы өрлеуі, табысы мен басқару кезіндегі қызметтері баяндалады.

Деректі фильмде Президент Ердоғанның Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының координациясымен орыс тіліне аударылған  «Тіпті әділетті әлем орнатуға болады» атты кітабынан маңызды мәлімдемелер беріп, Ердоғанның көзқарастарын жариялады.

Көрсетілімнен кейін мәлімдеме жасаған  Гусман «Президент Ердоған--ұлы саясаткер. Түркия осындай көшбасшысы бар бақытты ел. Ердоған жай ғана ұлы саясаткер емес, ол тамаша тұлға, керемет харизма. Ердоған өте жоғары деңгейлі, стратегиялық ойлау қабілеті бар саясаттанушы. Бүгінгі таңда Ердоғанның көшбасшы ретіндегі рөлі тек Түркияда ғана емес, әлемде де өте маңызды» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар