«Түрікеви» Түркия мен Колумбия арасындағы мәдени іс-шараға үй иелігін жасады

«Түрікеви» (Түрік үйі) Түркия мен Колумбия арасындағы туризм, мәдениет және көркемөнер іс-шарасына үй иелігін жасады.

2000530
«Түрікеви»  Түркия мен Колумбия арасындағы мәдени іс-шараға үй иелігін жасады
turkevi.jpg
turkevi kolombiya kulturu.jpg

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында орналасқан «Түрікеви» (Түрік үйі) Түркия мен Колумбия арасындағы туризм, мәдениет және көркемөнер іс-шарасына үй иелігін жасады.

Түркияның Нью-Йорктегі Бас консулдығының Колумбиямен бірлесіп ұйымдастырған шарада екі елдің туристік бағыттары, мәдениеті және көркемөнері  таныстырылды.

Шарада сөз сөйлеген Түркияның Нью-Йорктегі бас консулының орынбасары Тугай Шен бұл мәдени бағдарламаның Түркия мен Колумбия арасында туризм және сауда байланыстарын құруды мақсат еткенін айтты.

Колумбияның Нью-Йорктегі бас консулы Андрес Межиа Пизано да үй иелігі жасағаны үшін Түркияға алғыс айтып, бұл шараның екі ел арасындағы туризм, мәдениет және сауда салаларындағы қарым-қатынастарын арттыратынына сенім білдірді.

Іс-шарада қатысушыларға дәстүрлі тағамдары ұсынылды.  Колумбия биі биленді.



Ұқсас жаңалықтар