Қытай ғарышқа азаматтық тайконавт жолдайды

Қытайдың Ұшқышты Ғарыш бағдарламасы агенттігі 30 мамырда "Шинжоу-16" серігімен ғарыш станциясына жіберілетін жаңа тайконавт тобын таныстырды.

1992374
Қытай ғарышқа азаматтық тайконавт жолдайды

Қытай Жер шары орбитасында орнатқан "Tiengong" (аспан сарайы) Ғарыш станциясына жаңа сапарында алғаш рет азаматтық тайконавтты ғарышқа жібереді.

Қытайдың Ұшқышты Ғарыш бағдарламасы агенттігі 30 мамырда "Шинжоу-16" серігімен ғарыш станциясына жіберілетін жаңа тайконавт тобын таныстырды.

Ғарыш стансасына бесінші реткі ұшқышты көлік сапарына тайконавтар Жин Хайпин, Жу Янгжу және Гуи Хайчаодың қатысатыны хабарланды.

Бейжің Аэроғарыштық университеті ретінде танымал Бейхан университетіндегі инженерия профессоры Гуи Қытайдың ғарышқа жіберілген алғашқы жай азаматы болмақ.

Сапардың қолбасшысы Цин бұрын "Шинжоу-7", "Шинжоу-9" және "Шинжоу-11" міндеттеріне қатысқан тәжірибелі есім ретінде танымал.

Командадағы басқа сарбаз Жу өзінің бірінші ғарыштық сапарында  ұшақ инженері және оператор міндетін атқарады.

Тайконавттарды ғарыш станциясына апаратын "Шинжоу-16" жасанды серігі бүгін "Long March 2F" зымыранымен Гоби шөліндегі "Ciuçuen" жасанды серік ұшыру орталығынан ұшырылады.

 



Ұқсас жаңалықтар