Мысырда байырғы қабір табылды

Мысырдың Саккара аймағында Птолемей және 30-шы Перғауын Хандығына жататын жаңа мұрағаттар табылды.

1992065
Мысырда байырғы қабір табылды

Мысырдың Гиза қаласының тарихи Саккара аймағында Птолемей және 30-шы Перғауын Хандығына жататын жаңа мұрағаттар табылды.

Өңірде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде шеберханалар, қабірлер мен мүсіндер, адам мен жануарларды бальзамдау үшін пайдаланған қыш ыдыстардың сынықтары табылды.

Мысыр Тарихи жәдігерлер жоғары кеңесінің бас хатшысы Мұстафа Вазири шеберханалардың адамдар мен киелі жануарларды бальзамдау үшін пайдаланғанын айтты.

Вазири шеберханаларда археологтардың бальзамдау үшін пайдаланылғаы межеленген балшық құмыралар мен басқа да заттардың табылғанын хабарлады.

Саккара археологиялық алаңының директоры Сабри Фарадж қабірлердің Ежелгі Мысыр Корольдігінің жоғары лауазымды басшысы мен Жаңа Патшалықтың діни қызметкеріне тән екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар