Германияда Махмут Шахиннің үйінің бақшасына метеорит түсті

Шахин отбасына метеоритті сату үшін Германия мен АҚШ-тан 200 мың еуролық ұсыныстар келуде.

1990380
Германияда Махмут Шахиннің үйінің бақшасына метеорит түсті

Германияның Эльмшорн қаласында тұратын түрік отбасының бақшасына жасы 4.5 миллиард жыл деп есептелген метеорит көктен түсті. 

25 сәуірде Махмут Шахиннің үйінің бақшасына метеорит түсті.

Алғашында не болғанын түсінбеген отбасы өрт сөндірушілерді шақырған.

Гандболға тең келетін метеоритке магниттік сынақ жүргізілді.

Салмағы 3 келі 700 грамм болған метеориттің жасы шамамен 4.5 миллиард жыл екені межеленуде.

Әлемнің түкпір-түкпірінен метеорит жинаушылар Шахин отбасына метеоритті сату үшін ұсыныс жасауда.

Германия мен АҚШ-тан келген ұсыныстар 200 мың еуро, яғни 4 миллион түрік лирасы мөлшерінде.

Махмут Шахин метеориттің біраз уақытқа болса да әртүрлі мұражайларда көрмеге қойылғанын қалайды.



Ұқсас жаңалықтар