Қытай "Tiencou-6" жүк тасымалдау серігін ұшырды

Жасанды серік Хайнань аралындағы Винчаң Ғарыш орталығынан "Long March 7 Y7" зымыранымен ұшырылды.

1985443
Қытай "Tiencou-6" жүк тасымалдау серігін ұшырды

Қытай жер орбитасында орнатқан ғарыш станциясында бесінші рет қайта жабдықтау миссиясын аяқтады.

Қытайдың Ұшқышты ғарыштық экспедициялар агенттігінің мәлімдемесінде "Tiencou-6" жүк тасымалдау серігі «ғарыш стансасының негізгі модулінің артқы жағалуына тоқтады» деп хабарланды.

Жасанды серік Хайнань аралындағы Винчаң Ғарыш аппаратын ұшыру орталығынан "Long March 7 Y7" зымыранымен 10 мамыр күні ұшырылды.

Жүк көлігі серігі "Shincou-15" миссиясы аясында станцияда әлі де жұмыс істеп жатқан 3 адамдық тайконавт экипажына керек-жарақтардыжеткізу, сонымен бірге жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, ғарыш станциясына техникалық қызмет көрсету және қолдану жабдықтарын тасымалдайды.

Ғарыш станциясы бұған дейін 2021 жылдың 29 мамырында "Tiencou-2" жүк тасымалдау серігі, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде "Tiencou-3", 2022 жылдың 9 мамырында "Tiencou-4" және 2022 жылдың 12 қарашасында "Tiencou-5" жүк тасымалдау серіктерімен жанармай тасымалдау сапарына шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар