TRT бірлескен туындылары - Каннда

TRT бірлесіп түсірген 3 фильм кино сүйер қауыммен кездеседі.

1974556
TRT бірлескен туындылары - Каннда

Режиссер Нури Билге Джейланның «Kuru Otlar Üstüne» фильмі 76-шы Канн кинофестивалінде бақ сынамақ.

Түркия Телерадио корпорациясының (TRT) мәлімдемесіне қарағанда, 16-27 мамыр күндері өтетін фестивальде TRT бірлесіп түсірген 3 фильм кино сүйер қауыммен кездеседі.

Фестивальдің негізгі байқау бөліміне TRT бірлескен туындылары - «Kuru Otlar Üstüne», Австриялық жүлдегер режиссер Джессика Хауснердің «Club Zero» және итальян киносының маңызды режиссерлерінің бірі Элис Рорвачердің «La Chimera» фильмдері таңдалды.

Шығыс Анадолыдағы шалғай бір қалада міндетті қызметін атқарып жүрген сурет сабағының мұғалімі Саметтің басынан кешкен  оқиғалары баяндалған «Kuru Otlar Üstüne» фильмі фестивальде әлемдік премьерасын да өткізеді.

Көркемдік режиссер міндетін ТРТ қызметкерлері Күршат Уресин мен Джевахир Шахин атқарған фильм «12 Punto 2020»-да «TRT Master Award» сыйлығын жеңіп алды.

ТРТ тобының және техникасының қолдауымен түсірілген фильмнің камера, дыбыс, жарық және монтаждау топтарына ТРТ қызметкерлері де қатысты.

Сонымен қатар фестивальдің бас қазылар алқасының жетекшісі режиссер әрі сценарист Рубен Өстлунд болды.

Өстлунд 75-ші Канн кинофестивалінде ТРТ ортақ туындысы «Hüzün üçgeni» фильмімен үздік фильм ретінде «Алтын пальма» жүлдесін жеңіп алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар