Джорданның аяқ киімі 2.2 миллион долларға сатылды

Майкл Джорданның спорттық аяқ киімі аукционда рекордтық бағаға 2.2 миллион долларға сатылды.

1973722
Джорданның аяқ киімі 2.2 миллион долларға сатылды

Әлемге әйгілі баскетболшы Майкл Джорданның спорттық аяқ киімі аукционда рекордтық бағаға 2.2 миллион долларға сатып алынды.

"Sotheby's" аукцион үйі 2 мен 4 миллион долларға сатылатынын бағалаған қолтаңбалы аяқ киім Майкл Джорданның аукционда сатылған ең қымбат заттарының бірі болды.

Аяқ киім 2.2 миллион долларға сатып алушысына тапсырылды.

Бұған дейін сатылған Джордан аяқ киімінің рекордтық бағасы 1.47 миллион доллар болған еді.

1998 жылы "NBA" финалында баскетболшының киген жейдесі өткен жылы 10.1 миллион долларға сатылды.

6 мәрте "NBA" чемпионатын, 2 мәрте Олимпиада алтын медалін және басқа да көптеген марапаттарды жеңіп алған Майкл Джордан барлық уақыттағы ең ұлы спортшылардың бірі болып саналады.

 



Ұқсас жаңалықтар