Қағбада 9 миллион адам намаз оқыды

9 миллион 357 мың 853 мұсылманның Рамазан айының алғашқы 10 күнінде әл-Харам мешітінде намаз оқығаны білдірілді.

1969093
Қағбада 9 миллион адам намаз оқыды

Сауд Арабиясы Рамазан айының алғашқы 10 күнінде 9 миллионнан астам мұсылманның Қағбада намаз оқығанын хабарлады.

Сауд Арабиясының Хармейн істері басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде 9 миллион 357 мың 853 мұсылманның Рамазан айының алғашқы 10 күнінде әл-Харам мешітінде умра жасап, намаз оқығаны атап өтілді.

Нәбәуи Мешіті басқармасынан жасалған мәлімдемеде 10.3 миллион мұсылманның Рамазан айының алғашқы он күнінде Нәбәуи Мешітіне зиярат етіп, намаз оқығаны білдірілді.

Сауд Арабиясының Қажылық және Умра министрлігі 26 наурызда жасаған мәлімдемесінде «Тіпті көп адамдарға ғибадат ету мүмкіндігін беру үшін» Рамазан айында адамдардың умраға бір рет қана бара алатынын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар