Түрік құрамасы Хорватия матчына дайын
Армения құрамасын 2-1 жеңген түрік құрамасы үш ұпаймен тобында көш бастап тұр.
1966051
Ұлттық құрама UEFA 2024 Еуропа чемпионаты (EURO 2024) іріктеу кезеңі D тобында екінші матчында бүгін Хорватия құрамасымен жарысады.
Бурса қаласында болатын матч Түркия уақытымен сағат 21.45-те басталады. Матчты TRT1 және TRT İZLE, сондай-ақ trtspor.com.tr тікелей жариялайды.
Алғашқы матчында Армения құрамасын 2-1 жеңген түрік құрамасы үш ұпаймен тобында көш бастап тұр.
Ал топтағы бірінші матчында Уэльс командасымен 1-1 есебімен тең түскен Хорватияның ұпайы бір ғана.
Осы топтағы басқа бір мачта Уэльс пен Латвия командасы жарысады.
EURO 2024 чемпионатына қатысатын 20 команда анықталатын топ сатысы 16-21 қараша күндері ойналатын матчтармен аяқталады.
10 топта алғашқы екі орынды алған екі команда чемпионатқа қатысатын болады.