«Оскар»  сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

Өткен түні Лос-Анджелесте 95-ші «Оскар» сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.

1958982
«Оскар»  сыйлығының жеңімпаздары жарияланды
lady gaga oscar.jpg
95. oscar odulleri.jpg

2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлығы Лос-Анджелестегі «Dolby» театрында табысталды.

Кино әлеміндегі ең беделді марапаттардың бірі болып саналатын «Оскар» сыйлығы ретінде белгілі 95-ші «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды.

Дэн Кван, Дэниел Шайнерт түсірген "Бәрі барлық жерде және бір уақытта" фильмі бірден 7 Оскар сыйлығын жеңіп алса, осы фильмде басты рөлді сомдаған Мишель Йео аталған сыйлықты алған тұңғыш азиялық актриса атанды.

Жеңімпаздар тізімі Америка киноакадемиясының ресми сайтында жарияланған. Әр аталым бойынша үздіктер тізімі мынадай:

Үздік режиссер: Дэн Кван, Дэниел Шайнерт ("Бәрі барлық жерде және бір уақытта);

Үздік актриса: Мишель Йео ("Бәрі барлық жерде және бір уақытта);

Үздік актер: Брендан Фрейзер ("Кит");

Үздік фильм: "Бәрі барлық жерде және бір уақытта".

Екінші пландағы үздік актриса: Джейми Ли Кертис, "Бәрі барлық жерде және бір уақытта" (Everything Everywhere All at Once);

Екінші пландағы үздік актер: Ке Хюи Куан "Бәрі барлық жерде және бір уақытта";

Үздік анимациялық фильм: "Пинаккио Гильермо дель Торо" (Guillermo del Toro's Pinocchio);

Үздік операторлық жұмыс: "Батыс майданында өзгеріс жоқ" (All Quiet on the Western Front);

Үздік сахна суретшісі: "Батыс майданында өзгеріс жоқ"

Үздік костюм: "Қара пантера: Ваканда мәңгілік";

Ең жақсы макия: "Кит" (The Whale);

Үздік қысқаметражды көркем фильм: "Ирландша қоштасу" (An Irish Goodbye) ;

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм: "Бала, көртышқан, түлкі және жылқы" (The Boy, The Mole, The Fox And The Horse);

Үздік қысқаметражды деректі фильм: "Қарғыс атқан пілдер" (The Elephant Whisperers);

Үздік шетелдік фильм: "Батыс майданында өзгеріс жоқ" (Германия);

Үздік деректі фильм: "Навальный";

Үздік визуалды эффектілер: "Аватар: су жолы" (Avatar: The Way of Water);

Үздік ән: Naatu Naatu — "RRR: Революция жақындады" (Үндістан);

Үздік музыка: "Батыс майданында өзгеріс жоқ" (All Quiet on the Western Front);

Үздік музыка: "Батыс майданында өзгеріс жоқ" (All Quiet on the Western Front).

Айта кетейік, қытайлық 60 жастағы малайзиялық актриса Мишель Йео "Бәрі барлық жерде және бір уақытта" фильміндегі басты рөлі үшін «Оскар» алды. «Оскар» сыйлығының 95 жылдық тарихында азиялық бірде-бір актриса бұл номинацияны алмаған.



Ұқсас жаңалықтар