«Қайғы Үшбұрышы» Оскарға үміткер болды

ТРТ ортақ фильмі «Қайғы Үшбұрышы» «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік түпнұсқа сценарий» категорияларында Оскарға үміткер болды.

1937917
«Қайғы Үшбұрышы» Оскарға үміткер болды

Биыл 95-ші рет ұйымдастырылатын Оскар сыйлығында Түркия Радио Теледидар Мекемесінің (ТРТ) бірлескен туындысы «Қайғы Үшбұрышы» (Triangle of Sadness) «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік түпнұсқа сценарий» категорияларында Оскарға үміткер болды.

TRT хабарына қарағанда «Оскар марапаттары» 12 наурыз күні Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласындағы "Dolby театрында" өтетін салтанатты рәсімде иелеріне табысталады.

Өткен жылдың мамыр айында әлемдік тұсаукесері өткен Канн кинофестивалінде «Үздік фильм сыйлығы» болған «Алтын пальма» жүлдесін жеңіп алған туынды кино саласындағы ең беделді марапаттау рәсімдерінде де бақ сынап, фестивальдерде жүлдемен оралды.

Режиссер Рубен Өстлунд фильмі Ұлыбритания  Кино және теледидар академиясы тарапынан биыл 76-шы рет таратылатын «BAFTA» сыйлығында «Үздік түпнұсқа сценарий», «Үздік кастинг» және «Үздік жәрдемші актриса» категориялары бойынша үміткерлікке ұсынылды.

Франция, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Швеция, Швейцария, АҚШ және Грекия бірлесіп түсірген «Қайғы Үшбұрышы» фильмі жас модель жұптар Карл мен Яяның миллиардер жолаушылармен сапарға шыққан керемет круиздік кемеде басынан өткен оқиғаларын баяндайды.



Ұқсас жаңалықтар