Бүгін - Рағайып түні

Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш Рағайып түніне орай хабарлама жариялады.

1938279
Бүгін - Рағайып түні

Исламдағы қасиетті бес түннің бірі саналатын Рағайып түні бүгін атап өтіледі.

Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш Рағайып түніне орай хабарлама жариялады.

Али Ербаш өз жолдауында мүбәрәк күндер мен түндердің адамдардың өмір сүру мақсатын түсінетін және адами қарым-қатынастар туралы ойланатын құнды уақыт екенін айтты. «Бұл түнді әдемі өмірдің және абыройлы ұстанымның бетбұрыс нүктесіне айналдырайық» деді ол.

«Өмірімізді иманмен, біліммен, хикметпен, ақиқатпен өткізіп, мәңгі өмірімізде бізді қуантатын  игі істерімізді көбейтуге ұмтылайық» деді Али Ербаш.

Рағайып сөзбе-сөз аударғанда «көп игілік» дегенді білдіреді. Бұл түнде Алланың мейірімі, садақасы, жәрдемі кеңінен таратылады деген сенім бар.



Ұқсас жаңалықтар