Анкарагүджү Бешикташты жеңді

Анкара командасы ширек финалға жолдама алды.

1934818
Анкарагүджү Бешикташты жеңді

Анкарада Бешикташ жеңіліп қалды.

«Зираат Түркия» кубогының соңғы 16 турында Анкарагүджү командасы  пенальтилер сериясында Бешикташ командасын 4-3 есебімен жеңіп, 22 жылдан кейін ширек финалға жолдама алды.

Еряман стадионында ойналған матчтың қалыпты мерзімі Али Соу мен Дженк Тосунның өзара голдарымен 1-1 тең аяқталды.

Қосымша уақытта гол соғылмағандықтан жеңіске жететін команда пенальтилермен анықталды.

Толга Джигержи, Соу, Марлон және Педриньо «MKE Анкарагүджү» командасының пенальтилерін голға айналдырды.

Бешикташта Саис, Керем Атакан Кескин және Редмонд гол соқты, бірақ Атиба мен Масуаку пенальтиден нәтиже ала алмады. Пенальти нәтижесінде қарсыласынан 4-3 басымдыққа ие болған «MKE Ankaragücü» ширек финалға шықты.

Бешикташ болса кубокпен қош айтысты.



Ұқсас жаңалықтар