Элвис Преслидің қызы қайтыс болды

Әкесі Элвис Пресли қайтыс болғанда Лиза Мари 9 жаста еді.

1932172
Элвис Преслидің қызы қайтыс болды

Рок-н-ролл музыкасының аты аңызға айналған жұлдызы, америкалық әнші Элвис Преслидің 54 жастағы қызы Лиза Мари Пресли жүрек талмасынан қайтыс болды.

Лиза Маридің анасы Присцилла Пресли «People» журналына берген мәлімдемесінде «Сұлу қызым Лиза Маридің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабармен бөлісіп отырмын» деді.

АҚШ баспасөзіндегі хабарларға қарағанда, Преслиді Калифорния штатындағы Калабасас қаласындағы үйінің жатын бөлмесінде қызметшісі қозғалыссыз жатқан жерінен тауып алған.

Актер және музыкант бұрынғы күйеуі Дэнни Кио Преслиге жедел жәрдем келгенге дейін жүрек массажын жасады.

Жүрек тоқтап қалды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген Пресли бірнеше сағаттан соң қайтыс болды.

Әкесі Элвис Пресли қайтыс болғанда Лиза Мари 9 жаста еді.



Ұқсас жаңалықтар