Ханзада Гарри отбасындағыларды сынға алды

Ханзада Гарри  «Spare» атты естеліктер кітабын жариялады.

1931371
Ханзада Гарри отбасындағыларды сынға алды

Ұлыбритания Корольдік отбасындағы міндетін тастап, елден кеткен ханзада Гарри ағасы ауырып қалса, ағзаларын беру үшін дүниеге келгенін мәлімдеді.

Ханзада Гарри Америка Құрама Штаттарына қоныстанғаннан кейін жұбайы Меган Марклмен берген сұхбаттарымен күн тәртіптен түспей келеді. Бұл жолы ол өзінің  «Spare» (Қосалқы) деп аталатын естеліктер кітабы арқылы назар аударды.

Кітабында тақ мұрагері болған ағасы ханзада Уильямның ауырып қалуы мүмкін екенін жазған Гарри өзінің дүниеге келу себебінің ағасы ауырып қалған жағдайда қажет болса, өзінің ағзаларын ағасына беру екенін, тіпті мұны бала кезінен білетінін алға тартты.

Ханзада Гарри отбасы мүшелерінің де Уильям мұрагер, ал өзінің қосымша екенін ашық тілге тиек еткенін, мұны әкесі Король Чарльздан да естігенін айтты.

Ағылшындар күн тәртіпке келген кітаптағы айыптарға наразылық білдіруде. Букингем сарайы бұл жайлы әлі мәлімдеме жасаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар