Роналду Сауд Арабиясында
Футболшы 2 жарым жылға келісім-шартқа отырды.
«Al Nassr» жанкүйерлері Криштиану Роналдумен қауышты.
Роналдуды қарсы алуға келген мыңдаған жанкүйер «Mrsool Park» стадионын толтырды.
Португалиялық жұлдыз Сауд Арабиясы командасымен 2 жарым жылға келісім-шартқа отырды. «Бұл менің мансабымның соңы емес» деді Роналду. «Мен Еуропадағы барлық рекордтарды жаңарттым және осында да рекордтар жаңартқым келеді» деді ол.
Еуропадағы мансабының аяқталып қалғанын айтқан тәжірибелі футболшы өзінің трансферіне қатысты айтылған сындарға мән бермейтінін білдірді.
Роналду отбасының өзін қолдайтынын және Арабияда болғандарына қуанышты екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
«Marella Discovery» атты круиздік кеме Аланияға келді
Алания портына аялдаған кемеде көпшілігі британдық 1 758 жолаушы мен 743 қызметкер бар.
АҚШ-та «Түрік күні фестивалі» өтті
Түрік Америка ұлттық басқару комитеті ұйымдастырған 3 күндік бағдарламалар өте сәтті өтті.