«Шеб-и арус» рәсімдері биыл «достық уақыты» тақырыбымен өтеді

Әзірет Мәулананың дүниеден озуының 749-шы жылдығы салтанатты түрде еске алынады.

1904104
«Шеб-и арус» рәсімдері биыл «достық уақыты» тақырыбымен өтеді

Өз ілімімен бүкіл әлемде қызығушылық тудырған ойшыл және сопы Мәулана Джелаледдин-и Румидің дүниеден озуының 749-шы жылдығы салтанатты іс-шаралармен еске алынады.

Әзірет Мәулананың 749-шы Вуслат (Аллаға қауышу) жылдығына арналған халықаралық еске алу рәсімдерінің биылғы тақырыбы «Достық уақыты» болмақ.

Кония губернаторлығы жасаған мәлімдемеге қарағанда Мәулананы еске алу рәсімдерінің биыл да 7-17 желтоқсан күндері аралығында өтетіні атап көрсетілді.

Мәлімдемеде биыл 86-шы рет ұйымдастырылатын салтанаттарда «Мәулана» атындағы мәдениет орталығында өтетін «Сема» бағдарламасына қоса көптеген мәдени шаралардың орын алатыны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар