«Хүзүн үчкени» Еуропа фильм сыйлықтарына 4 номинация бойынша ұсынылды

«Еуропа фильм сыйлықтарының» негізгі номинациялары бойынша бәсекеге түсетін үміткерлер тізімі жарияланды.

1904268
«Хүзүн үчкени» Еуропа фильм сыйлықтарына 4 номинация бойынша ұсынылды

Режиссер Рубен Өстлундтың Түркия телерадио корпорациясы (TRT) бірлесіп түсірген «Хүзүн үчкени» (Мұңды үшбұрыш) атты фильмі «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актер» және «Үздік сценарий» номинацияларына үміткер болды.

«Еуропаның Оскары» есептелетін «Еуропа фильм сыйлықтарының» негізгі номинациялары бойынша бәсекеге түсетін үміткерлер тізімі жарияланды.

TRT жасаған мәлімдемеге қарағанда, Швед режиссері Рубен Өстлундтың «Алтын пальма» сыйлығын алған TRT бірлескен туындысы «Хүзүн үчкени» «Еуропа фильм сыйлықтарында» «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актер» және «Үздік сценарий» номинациясына үміткер болды.

«Үздік фильм» номинациясына ұсынылған бес фильмнің бірі бола отырып, фильм өзінің режиссері және сценаристі Рубен Өстлундқа «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий» номинациялары бойынша номинациялар әкелді.

Фильмде ресейлік бір миллиардерді сомдаған хорват-даниялық актер Златко Бурич болса «Үздік актер» номинациясына ұсынылды.

Мамыр айында өткен «75-ші Канн кинофестивалінде» «Алтын пальма» жүлдесін алған TRT бірлескен туындысы «Үздік фильм» номинациясында «Close» (Жабық), «Қасиетті Өрмекші», «Корсаж» және «Алькаррас» атты фильмдерімен бәсекелеседі.

23 қараша күні басқа номинациялар бойынша үміткерлердің жариялануымен 4 мың 400 Еуропа фильм академиясы мүшесі үміткер фильмдер және тұлғаларға дауыс береді.

Жеңімпаздарға сыйлықтары 10 желтоқсан күні Исландияның бас қаласы Рейкьявикте өтетін «Еуропа фильм сыйлықтары рәсімінде» тапсырылады.



Ұқсас жаңалықтар