Нобель Бейбітшілік сыйлығын үш ел бөлісті

Нобель беларусьтық құқық қорғаушы Алес Беляцкийге, ресейлік «Мемориал» құқық қорғау ұйымына және украиналық «Азаматтық еркіндік орталығы» құқық қорғау ұйымына берілді.

1889939
Нобель Бейбітшілік сыйлығын үш ел бөлісті

2022 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығы беларусьтік құқық қорғаушы Алес Беляцкиге және Ресей мен Украинаның екі азаматтық ұйымына берілді.

Норвегияның Осло қаласындағы Норвегиялық Нобель институтында 2022 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері жарияланды.

Марапат беларусьтық құқық қорғаушы Алес Беляцкийге, ресейлік «Мемориал» құқық қорғау ұйымына және украиналық «Азаматтық еркіндік орталығы» құқық қорғау ұйымына берілді.

Норвегиялық Нобель комитеті жасаған мәлімдемеде олардың көршілес Беларусь, Ресей және Украина елдерінде адам құқықтары, демократия және бейбіт қатар өмір сүру үшін күрескендерді марапаттаудың жөн саналғаны білдірілді.

Сондай-ақ комитет салық төлеуден жалтарды деген айыппен түрмеде отырған Алес Беляцкиді босатуға шақырды.

2011 жылы салық төлеуден жалтарғаны үшін қамауға алынып, 2014 жылы бостандыққа шыққан Беляцкий елінде 2020 жылдың тамыз айында өткен сайлау кезеңіндегі ереуілдерге байланысты қайтадан түрмеге жабылған.



Ұқсас жаңалықтар