Бурак Хашхаш алтын медаль алды

Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу алтын медаль алған Бурак Хашхашты құттықтады.

1884455
Бурак Хашхаш алтын медаль алды

Нигерияда өткен Үш топтық бильярдтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алған Бурак Хашхаш финалда грек Димитрис Селевентасты 35-10 есебімен жеңді.

Сол турнирдегі тағы бір өкіліміз Денизжан Аккожа қола жүлдені жеңіп алды.

Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу алтын медаль алған ұлттық спортшы Бурак Хашхашты құттықтады.

Министр Мехмет Мухаррем Касапоғлу өз жолдауында «Жас спортшымыздың жетістігі бізді әрі қуанышқа бөледі, әрі болашаққа деген үмітімізді арттырды. Ай жұлдызды туымыздың желбіреуіне және Мемлекеттік Әнұранымыздың орындалуына себеп болғандарға алғыс айтамын. Жас спортшымыз Бурак Хашхаштың табыстарының жалғасын табуына тілектеспін. Осы турнирде қола жүлдені жеңіп алған Денизжан Аккожаны да құттықтаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар