1700 жылдық құмыра табылды

Диярбакыр қамалдарын қалпына келтіру аясында жасалған археологиялық қазба жұмыстары кезінде 1700 жылдық амфора табылды.

1861714
1700 жылдық құмыра табылды

Диярбакырдың тарихи қамалдарында шамамен 1700 жылдық амфора (құмыраның бір түрі) табылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ЮНЕСКО) тарапынан 2015 жылы Дүниежүзілік мәдени мұра ретінде тіркелген Диярбакыр қамалдарын қалпына келтіру аясында жасалған археологиялық қазба жұмыстары кезінде 1700 жылдық амфора табылды.

Диярбакыр қалалық әкімшілігінің Қайта құру, қорғау, іске асыру және тексеру кеңселері департаменті директорлығында міндет атқаратын археолог Сүлейман Каракаш: "Табаны үшкір келген амфора сауда мақсатында жасалғандықтан  маңызы зор. Жасалу тәсілі мен ондағы мотивтерге сүйенсек, ол біздің заманымыздың 330 жылдарына жатады. Бұл шамамен 1700 жыл бұрынға тура келеді. Бұл кезең соңғы Рим-ерте Византия кезеңіне сәйкес келеді. Бұл амфора зәйтүн майын, шарапты немесе оның ішінде тасымалданатын ұқсас нәрсені құю үшін қолданылғанын межеледік» деді.



Ұқсас жаңалықтар