Садио Мане үздік футболшы атанды

Марокко астанасы Рабатта өткен салтанатты рәсімде африкалық футболшы жылдың үздік футболшысы марапатының иегері болды.

1858211
Садио Мане үздік футболшы атанды

Сенегалдық спортшы Садио Мане Африкада 2022 жылдың үздік футболшысы атанды.

Африка Футбол Конфедерациясының мәлімдемесіне сәйкес Марокко астанасы Рабатта өткен салтанатты рәсімде африкалық футболшы жылдың үздік футболшысы марапатының иегері болды.

Мүше елдердің техникалық жетекшілері мен федерация өкілдері қатысқан дауыс беру нәтижесінде биыл жазда «Ливерпульден» «Бавария Мюнхенге» ауысқан 30 жастағы Садио Мане жүлдені жеңіп алды.

2019 жылдан кейін екінші рет бұл марапатқа лайық деп танылған Мане осы жылы Сенегал Ұлттық құрамасы мен Африка Ұлттары Кубогын жеңіп алды, ал Ливерпульмен Федерация Кубогы мен Лига Кубогының  чемпионы болды.



Ұқсас жаңалықтар