Канадада "Байрактар ​​TB2" акциясы басталды

Жиналған қайырымдылықпен сатып алынатын "Байрактар ​​ТБ2" Украинаның Тәуелсіздік күні 24 тамызда Украина армиясына жеткізілуі көзделуде.

1856781
Канадада "Байрактар ​​TB2" акциясы басталды

Канада Украинаға жолдау мақсатымен сатып алынатын "Байрактар ​​TB2"  үшін бағыш компаниясын бастады.

Торонтода орналасқан «UhelpUkraine» гуманитарлық ұйымы бастаған науқанда Украина армиясына жолдау мақсатымен сатып алынатын "Байкар Технология"  өндірген Түрік Қарулы Ұшқышсыз әуе көліктері "Байрактар ​​TB2" үшін 7 миллион Канада доллар бағыш жиналуы нысанаға алынды.

Акцияның сайтындағы ақпаратқа қарағанда  осы уақытқа дейін науқанға 12 мың 450 Канада доллары аударылған.

Жиналған қайырымдылықпен сатып алынатын "Байрактар ​​ТБ2" Украинаның Тәуелсіздік күні 24 тамызда Украина армиясына жеткізілуі көзделуде.

Канадада 1 миллионнан астам украиналық бар екені айтылған науқанда әрбір адам кем дегенде 7 Канада долларын бағыштаса, 7 миллион Канада долларын жинау мақсатына жетуге болатыны атап өтілді.

Украина армиясы мен халқын қолдау үшін Литва, Польша және Норвегияда да осындай науқандар ұйымдастырылды.

Байкар компаниясы Украина мен Литвадағы науқандарға жауап ретінде 4 "Bayraktar TB2" сыйға тартты және ынтымақтастыққа үлес қосты.



Ұқсас жаңалықтар