TRT Деректі фильм сыйлықтары табыс етілді

Марапат кеші Стамбулда болды.

1838993
TRT Деректі фильм сыйлықтары табыс етілді

Түркия Телерадио корпорациясының 13-ші Халықаралық TRT деректі фильм сыйлықтары табыс етілді.

Марапат кеші Стамбулда болды. Кешке ТР Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Ахмет Мисбах Демиржан, TRT Бас директоры Мехмет Захид Собажы, TRT басшылары,  баспасөз өкілдері және кинематография саласы өкілдері қатысты.

TRT Бас директоры Собажы адам санасы мен жүрегін сергек қылып ұстайтын деректі фильмдердің қоғамдық мағынада мәдени түрліліктің артуы және әлемде болып жатқан оқиғаларды түсіну тұрғысынан қымбат екенін атап көрсетті. «Бүгінгі жаһандық әділетсіздік айқын түрде барлық шындығымен көрінетін жанр – деректі фильмдер.  Еліміз де жаһандық әділет үшін күресіп жатқанда, біз де деректі фильмдеріміз арқылы әлемдегі оқиғаларды айқындап,  адами тұрғыдан қолға алудамыз» деді ол.

Собажы «Екі жылда келіп түскен өтініш саны – 2618. Бұл жаһандық қызығушылықтың көрсеткіші. Шын өмір жеңістер емес,  мағына мен әділет бағытында жылжиды» деді.

Байқауда әділ қазылар алқасында Ферас Фаяд, Хилал Байдаров, Енсар Алтай, Андач Хазнедароғлу, Гөкхан Тиряки,  Реис Челик, Зейнеп Кечежилер секілді мамандар орын алды. Өтініштер 100-ден астам елден келіп түсті.  Араларынан 79 финалист сыйлық үшін бақ сынады.

Ұлттық және халықаралық байқауда студент фильмдері, кәсіпқой және жоба категорияларында барлығы 24 туынды сыйлыққа лайық деп табылды.

13-ші Халықаралық TRT Деректі фильм сыйлықтары» Халықаралық фильмдер аталымында «Үздік Деректі фильм» сыйлығын "Only The Wind" атты фильмімен Зофия Ковалевска, Мәдениет және туризм министрлігі Арнайы сыйлығын "A Parked Life" атты фильмімен Петер Триест, үшінші орынды болса "After The Rain" атты фильмімен Жиан Фан алды.

Байқаудың Ұлттық кәсіпқой аталымында «Үздік Деректі фильм» сыйлыңын «Төз» фильмімен Неше Угур Нохутчу, Мәдениет және туризм министрлігі Арнайы сыйлығын «Фатма Каяжының белгісіз хикаясы» атты еңбегімен Орхан Текеоғлу, үшінші орынды «Барлығы ойдағыдай» атты фильмімен Мүхаммед Бейаздағ алды.

Ұлттық Студент фильмдері және Жоба қолдау аталымында сыйлық алған режиссерлер – Бейза Йылдыр, Гүлпери Алкан, Ахмет Кечили,  Орхан Деде, Хасан Эте және Селин Акташ.



Ұқсас жаңалықтар