Патшайым Елизавета II-нің Платина мерейтойы басталды

Патшайым Елизавета II де салтанатты рәсімнен кейін оралған сарбаздарды қарсы алу үшін Букингем сарайының балконына шықты.

1836854
Патшайым Елизавета II-нің Платина мерейтойы басталды
ingiltere 2. elizabeth'in tahta cikisi kutlama.jpg
Kraliçe Elizabeth 70.yıl(22).jpg
Kraliçe Elizabeth 70.yıl(20).jpg

Ұлыбританияда Патшайым Елизавета II таққа отырғандығының 70 жылдық (Платина мерейтойы) рәсімдері туған күнді тойлаумен басталды.

Іс-шаралар алдында Букингем сарайының алдына мыңдаған адам жиналды.

Ұлыбританияның жалаулары мен Патшайымның суретін көтерген британдықтар 4 күндік мерекелік шаралардың бастамасы туған күн шеруін тамашалады.

Туған күн шеруіне 96 жастағаы Патшайым қатыспады, Корольдік отбасының мүшелері арнайы көліктерімен халыққа сәлем берді.

Шара әскери шерумен жалғасты. Патшайым Елизавета II де салтанатты рәсімнен кейін оралған сарбаздарды қарсы алу үшін Букингем сарайының балконына шықты.

Құттықтау кезінде Корольдік Әуе күштерінің ұшақтары өнер көрсетті. Патшайым Елизавета II Букингем сарайының балконына қайта шығып, ұшақтың өнерін тамашалады. Патшайыммен бірге балконға тақ мұрагері Ханзада Чарльз және оның жұбайы Камилла, Ханзада Уильяммен бірге жұбайы Кейт және олардың балалары бірге шықты.

Букингем сарайының балконына Патшайым Елизавета II-нің басқа балалары келмеді. 

Ұлыбританияда кеше басталған құттықтау іс -шаралары бүгін Әулие Павел шіркеуіндегі алғыс айту рәсімімен жалғасады. Сенбі күні Букингем сарайының алдында Диана Росс, Алисия Кейс және Джордж Эзра өнер көрсетеді.

Құттықтау іс-шарасында Ханзада Чарльз бен Ханзада Уильям сөз сөйлеуі жоспарлануда.

Жексенбі күні бүкіл ел бойынша көше кештері өтеді, Лондон көшелерінде мыңдаған орындаушылардың қатысуымен шерулер ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар