Украиндық топ жүлдесін сатып жіберді

Группа ол аөшаға Украина армиясы үшін ұшқышсыз әскери дрон сатып алмақшы.

1834607
Украиндық топ жүлдесін сатып жіберді

2022 Eurovision Ән байқауында жеңімпаз атанған Украинаның «Калуш Оркестра» группасы Eurovision кубогын сатып жіберді. Группа ол ақшаға Украина армиясы үшін ұшқышсыз әскери дрон сатып алмақшы.

Италияның Торина қаласында өткен ән байқауының жеңімпазы жеңіс жүлдесін әлеуметтік желіде аукцион арқылы 900 мың долларға сатты.

Аукцион аталмыш группаның медициналық күтім және материал үшін ақша жинау мақсатында Германияда ұйымдастырған концерті барысында өткізілді.

Концертте сөз сөйлеген группаның мүшесі Олег Псюк Ресейдің шабуылдарында елінде кемінде 4 мың 31 адамның қаза тапқанын, 4 мың 735 адамның жарақат алғанын айтты.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, осы аукционнан түскен ақша үш дрон сатып алу үшін қолданылады.

 Eurovision Ән байқауы келесі жылы жеңімпаз елде өтуі керек.  Алайда Украинадағы соғыс жағдайына байланысты 2023 жылы қай қалада өтетіні әлі белгісіз. Қазірге дейін Ұлыбритания, Испания және Польша секілді елдер кандидат болды.

Алайда Украина келесі жылы ән байқауын өткізетіндерін сенетіндерін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар