Түрік командасы - Еуропа чемпионы

Түрік командасы Еуропаның клубтар деңгейіндегі ең ірі кубогын өз мұражайына алып кетті.

1830574
Түрік командасы - Еуропа чемпионы

VakıfBank командасы CEV Чемпиондар лигасында тарихи жеңістеріне тағы бір жеңіс қосты.

Словенияның бас қаласы Люблянада өткен CEV Чемпиондар лигасы Супер ақтық сайысында Италияның Воллей командасын жеңген түрік командасы Еуропаның клубтар деңгейіндегі ең ірі кубогын өз мұражайына алып кетті.

TRT SPOR телеарнасынан тікелей жарияланған матчта түрік командасы қарсыласын 3-1 есебімен жеңді. Осылайша чемпион атанды.

VakıfBank командасының бразилиялық ойыншысы  Габриэла Гумарес супер ақтық сайыстың «ең құнды ойыншысы» деген сыйлық алды.

VakıfBank командасы CEV Чемпиондар лигасында 2011, 2013, 2017 және 2018 жылдардан кейін 2022 жылы да чемпиондыққа қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар