Украина балалары үшін достық матчы

Матч үшін 6 мың 726 билет сатылған.

1812796
Украина балалары үшін достық матчы

Украинадағы соғыста зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін Галатасарай мен Украинаның Динамо Киев командасы достық матчына шықты.

Стамбул Неф стадионында «Бейбітшілік үшін матч» ұранымен болған ойында Украина командасы 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Матчта Динамо Киевтің  голдарын 14-ші минутта Буялски, 28-ші минутта Беседин және 80-ші минутта Цыганков соқса, Галатасарайдың голын 56-шы минутта Барыш Алпер Йылмаз салды.

Украин футбол жанкүйерлері матчтан бұрын Украинадағы соғыста қаза тапқандар үшін бір минуттық үнсіздік жариялады.

Матч қарсаңындағы салтанатты шараға Киевтің «Динамо» командасының ойыншылары Украина жалауымен шықты.

Матчтан кейін трибунаға келген қос команданың ойыншыларына жанкүйерлер қошемет көрсетті.

Матч үшін 6 мың 726 билет сатылғаны белгілі болды.



Ұқсас жаңалықтар