Оскар рәсімі ТРТ-2-де тікелей эфирде беріледі

"Оскар алдында" атты арнайы бағдарламамен 27 наурызда басталатын тікелей эфир жүлде рәсімімен жалғасады.

1800698
Оскар рәсімі ТРТ-2-де тікелей эфирде беріледі

94-ші «Оскар» жүлде тарату рәсімі TRT 2 арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Америка Кинотеатр өнері және Ғылым академиясы тарапынан берілетін Оскар жүлделері биыл 94-ші мәрте иелеріне тапсырылады.

Түркия Телерадио корпорациясы мекемесі (TRT) тарапынан жасалған мәлімдемеде Америка Құрама Штаттарының Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласындағы Dolby театрында ұйымдастырылатын жүлде беру рәсімі Түркия Телерадио корпорациясы мекемесінің ТРТ-2 аранасында тікелей эфирде киносүйер қауымға ұсынылатыны білдірілді.

Кинемотография әлеміндегі беделді ұйымдардың бірі ретінде танымал Оскар жүлделері 23 салада беріледі.

"The Power of the Dog"  «Иттің күші» атты туындының 12 саладағы үміткерлігімен назар аударған жүлделерге "Dune" фильмі 10, "Belfast" және "West Side Story"  фильмдері 7 салада үміткерлікке көрсетілді.

"Оскар алдында" атты арнайы бағдарламамен 27 наурызда басталатын тікелей эфир жүлде рәсімімен жалғасады.

Оскар рәсімі Түркия уақыты бойынша сағат 03.00-де тікелей эфирде көрермендерге ұсынылады.

 



Ұқсас жаңалықтар