Германияның ең жоғары марапатына вакцина жасап шығарғандар лайықты деп табылды

BioNTech-тің құрылтайшылары  Түрежи мен Шахин және компанияның вице-президенті Карикоға «Пол Эрлих пен Людвиг Дармштадтер 2022 сыйлығы» табыс етілді.

1795702
Германияның ең жоғары марапатына вакцина жасап шығарғандар лайықты деп табылды

Коронавирусқа қарсы (Ковид-19) вакцина жасап шығарған түрік ғалымдары – Др. Өзлем Түрежи мен Проф. Др. Угур Шахин және венгриялық ғалым Проф. Др. Каталин Карико Германиядағы медицина әлеміндегі ең маңызды марапаттардың бірі болып саналатын «Пол Эрлих пен Людвиг Дармштадтер 2022 жүлдесін» алды.

Неміс биотехнологиялық компаниясы BioNTech-тің құрылтайшылары  Түрежи мен Шахин және компанияның вице-президенті Карикоға Франкфурт қаласында өткен салтанатта 120 мың еуролық «Пол Эрлих пен Людвиг Дармштадтер 2022 сыйлығы» табыс етілді.

Пол Эрлих қорының президенті Томас Боем салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Түрежи, Шахин және Кариконың профилактикалық және емдік мақсатта mRNA жасап шығарғаны үшін марапатталғанын және үш ғалымның осы зерттеуінің Ковид-19-ға қарсы тиімді болғанын айтты.

Англиядағы Кембридж университетінің қызметкері Джон Уокер BioNTech компаниясының ғалымдары жасап шығарған вакцина арқылы дүние жүзіндегі сансыз адамға пайдасы тигенін атап өтті.

Салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде BioNTech компаниясының бас директоры Шахин аталмыш марапатты ғылым әлемі атынан алғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар