Түркияның шағын жер серігінен алғаш сигнал алынды

Space X компаниясы Түркия «Grizu-263A» атты шағын жер серігін кеше сәтті түрде ғарышқа ұшырды.

1762542
Түркияның шағын жер серігінен алғаш сигнал алынды

Түркияның алғаш шағын жер серігі «Grizu-263A»-дан сәтті сигнал алынды.

Зонгулдак «Бүлент Эджевит» атындағы университетінің Инженерлік факультеті студенттерінен құралған «Grizu-263» ғарыш тобы жобалаған және АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш күштерінің базасынан ғарышқы ұшырылған Түркияның алғаш шағын ғарыш серігінен сәтті түрде сигнал қабылданғаны білдірілді.

«Grizu-263A» кеше Түркия уақытымен 18:25-те Space X компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышымен ұшырылғаннан шамамен 1 сағаттан кейін орбитаға орналасты.

«Grizu-263A» ғарыш тобының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған хабарламада «Біздің «Grizu-263A» спутнигінен алғашқы сигналдар сәтті қабылданды, жер серігіміз аман-есен. Ұстаздарымыз Мехмет Фатих Энгинге, Тахсин Чағры Шишманға, Ибрахим Ардаға, Йылмаз Барыш Эрканға және Билге Демиркөзге сигналдарымыздың қабылдануын қамтамасыз еткені үшін алғыс айтамыз» делінді.

Топтың жетекшісі Чағла Айтач Дурсун да әлеуметтік желідегі аккаунтынан «Мақтаныш. Біз жобалап, өндіріп, сынақтан өткізіп, ғарышқа жібердік. Біздің «Grizu-263A» жер серігі қазір өзінің миссиясын аман-есен  орындайды» деп жазды.

Зонгулдакта 1992 жылы 3 наурыз күні кен апатында Гризу газы жарылысында қаза тапқан кеншілердің аттары жазылып, ғарыш сапарына шыққан жерсерігінің 4 жыл 8 ай бойы шамамен 525 шақырым алшақтау жер орбитасында қызмет етуі жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар